Ресейдің ядролық қару талпынысы алаң туғызды

Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис Ресейге қарсы күшті наразылық көрсету қажеттігін айтты.

1965643
Ресейдің ядролық қару талпынысы алаң туғызды

Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис Ресей президенті Владимир Путиннің Беларусь аумағында тактикалық ядролық қаруды орналастыру туралы шешімін «әлсіздік» деп бағаландырды.

Ландсбергис Твиттер парақшасында жасаған мәлімдемесінде Ресейдің шешімін сынға алды.

Ландсбергис Ресейге қарсы күшті наразылық көрсету қажеттігін атап айтып: "Бұл шешіммен Ресей күштілік емес, әлсіздік танытуда. Ауыр санкциялар, Балтық аймағына әскер орналастыру және НАТО-ның шығыс қанатын нығайту ынтымақтастық пен табандылықты көрсетеді" деді. 

Польша Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Путиннің шешімі Ресейдің Украинаға қарсы шабуылдарына байланысты дағдарысты одан әрі арттырды. Бұл Беларусьті Ресей соғысына араластыруға бағытталған қадам" деп көрсетілді.

Ресей Беларусь жеріне тактикалық ядролық қару орналастыратынын жариялағаннан кейін Швейцария Сыртқы істер министрлігі де Твиттердегі парақшасында бөлісті.

«Ресейдің Беларусьте тактикалық ядролық қаруды орналастыруды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты негіз еткен Швейцария ядролық қаруға байланысты барлық тәуекелдерді азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады» деген мәлімдемелер де бөлісілді.

Ядролық соғысты жеңуге болмайтыны және ешқашан жасалмауы керектігі атап өтілген мәлімдемеде дағдарыстан аулақ болуға шақыру тасталды.

Ресей президенті Путин 25 наурызда Беларуське тактикалық ядролық қаруды орналастыратындарын мәлімдеп: «Біз мұны ядролық қарудың таралуын тосу жөніндегі халықаралық жауапкерліктерімізді бұзбай жасаймыз» деген болатын.

НАТО мен Еуропалық Одақ Ресейдің бұл шешімін «жауапкерсіздік» деп тапты. Украина Сыртқы істер министрлігі де Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуді сұрады.



Ұқсас жаңалықтар