Пәкістан Данияда Құранға жасалған опасыз шабуылды айыптады

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

1965790
Пәкістан Данияда Құранға жасалған опасыз шабуылды айыптады

Пәкістан Данияда Құранға жасалған шабуылды қатаң түрде айыптап, «опасыздық» деп бағалады.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесмінде бұл жексұрын және қасақана әрекеттердің қайталануының мұсылмандар мен Ислам дініне қарсы өшпенділік пен нәсілшілдіктің күшеюінің алаңдатарлық көрінісі екені баса айтылды.

Мәлімдемеде шабуыл қатаң түрде айыпталып, сөз бостандығының ешбір қасиетті кітап немесе адамды қасақана қаралау үшін бетперде ретінде пайдалануға болмайтыны білдірілді.

24 наурыз күні Түркияның Даниядағы елшілігі алдында түрік туы мен Құранға шабуыл жасалды.

Даниядағы Ислам дұшпандығы және радикал ұлтшылдығымен белгілі «Patrioterne Gar Live» атты маргиналдық топ тарапынан ұйымдастырылған арандатушылық әрекеті аталмыш топтың фейсбук аккаунтынан да тікелей жариланған болатын.

Арандатушылар исламға қарсы баннерлер ашып, исламды қорлайтын ұрандар тастап, түрік туына шабуыл жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар