АҚШ-та алапат құйынға  байланысты төтенше жағдай жарияланды

АҚШ президенті Джо Байден 26 адам қаза тапқаннан кейін федералды төтенше жағдай жариялағанын мәлімдеді.

1965287
АҚШ-та алапат құйынға  байланысты төтенше жағдай жарияланды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Миссисипи штаты мен оның төңірегінде үлкен қирауға себеп болған, сондай-ақ  26 адамның өмірін қиған алапат құйынға  байланысты төтенше жағдай жарияланды.

АҚШ президенті Джо Байден 10-нан астам жойқын құйынның әсерінен Миссисипи мен оның төңірегінде 26 адам қаза тапқаннан кейін аймақ үшін федералды төтенше жағдай жариялағанын мәлімдеді.

Ұлттық ауа райы қызметі құйынның қуаты магнитудасы 5-тен 4-ке жеткені және оның жылдамдығы сағатына 300 шақырымнан асатын сәттер анықталғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Төтенше жағдайларды басқару федералды агенттігінің жоғарғы лауазым иелері аймақ халқына өздерінің көмегі туралы Twitter-де бөліссе, Миссисипи штатының республикалық губернаторы Тейт Ривз азаматтарға қауіпсіздік туралы ескертті.



Ұқсас жаңалықтар