Ата-анасының келісімін алуы керек

Юта штатының губернаторы Спенсер Кокс қол қойған заң балаларды желідегі ықтимал қауіптерден қорғауға бағытталған.

1964643
Ата-анасының келісімін алуы керек

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Юта кәмелетке толмағандарға әлеуметтік медиа платформаларына кіруге рұқсат бермес бұрын, әлеуметтік медиа компанияларынан ата-анасының келісімін алуды талап ететін бірінші штат болды.

Юта штатының губернаторы Спенсер Кокс қол қойған заң балаларды желідегі ықтимал қауіптерден қорғауға бағытталған.

«Біз бұдан былай әлеуметтік медиа компанияларының жастарымыздың психикалық денсаулығына зиян келтіруіне жол бермейміз», - деді Кокс.

Заң әлеуметтік медиа компанияларынан аккаунт ашу үшін штаттағы пайдаланушылардың жасы 18-ге толғанын тексеруді талап етеді.

Сонымен қатар компанияларға әлеуметтік медиа платформасында кәмелетке толмағандар арасында тәуелділікке әкелетін дизайн немесе мүмкіндіктерді пайдалануға тыйым салынады.

Балаларға тәуелділік тудыратын мүмкіндіктер мен дизайн душар қылған  компанияларға 250 000 доллар айыппұл салынуы мүмкін, сонымен қатар әр бала үшін 2 500 доллар айыппұл көзделіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар