ЕО елдері Украинаға қолдауын жалғастырады

ЕО елдерінің басшылары Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыра беретіндіктерін қайталады.

1964646
ЕО елдері Украинаға қолдауын жалғастырады

Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінің басшылары Ресеймен соғысып жатқан Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыра беретіндіктерін қайталап, талап еткен жағдайда зымырандарын жібере алатынын мәлімдеді.

Бельгияның астанасы Брюссельде өткен Еуроодақ Лидерлер саммитінде Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының нәтижесі бағаланды. Кездесу жалғасып жатқан кезде саммит мәлімдемесінің Украинаға қатысты бөлігі жарияланды.

Украинаға саяси, әскери, қаржылық және гуманитарлық қолдаудың соңына дейін жалғасатынын білдірген мәтінде Украинаның артып келе жатқан әскери қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күш-жігердің арттырылғаны баса айтылды.

Еуроодақ басшылары осы аптаның басында Еуропалық Бейбітшілік қоры арқылы бірлескен сатып алу нәтижесінде бір жыл ішінде Украинаға 1 миллион артиллериялық снаряд жіберу туралы шешімге риза екендерін білдірді.

Сонымен қатар егер Украина талап еткен жағдайда  бұл елге зымырандар жеткізілетіні айтылды.

Көшбасшылар Ресейге жаппай қысым көрсетуді, сондай-ақ оқ-дәрімен қамтамасыз етуді күшейту ниеттерін білдірді.

Көшбасшылар сондай-ақ ЕО және ұлттық деңгейде қолданыстағы санкцияларды ықпалды қолданудың маңыздылығына  назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар