Босқындардың қайығы батты

Бес босқын қаза тапты.

1963907
Босқындардың қайығы батты

Тунис маңында заңсыз босқындар мінген қайықтың суға батып кетуі салдарынан 5 адам қаза тауып, 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Тунис жағалауында Италияға бара жатқан босқындар мінген қайықтың суға батып кеткені хабарланды.

Қайық апатында 5 африкалық босқын қаза тапты және 28 босқын жоғалып кетті. Қайықта қанша босқын болғаны әзірге белгісіз.

Тунис әлеуметтік және экономикалық құқықтар форумының ресми өкілі Ромадан Бен Омар мәлімдемесінде Тунистің Сфакс жағалауында суға батқан қайықтағы 5 босқынның құтқарылғанын, босқындардың психологиялық жағдайының нашар екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар