Пәкістандағы шыққан қақтығыста 3 адам қаза тапты

Хайбер-Пахтунхва қаласындағы қақтығыста 3 содыр залалсыздандырылды.

1963555
Пәкістандағы шыққан қақтығыста 3 адам қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласында шыққан қақтығыста 3 әскер қаза тауып, 3 содыр залалсыздандырылды.

Пәкістан армиясы жасаған мәлімдемеге қарағанда Дера Исмаил Хан аймағында содырлар мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды.

Қақтығыста 3 сарбаз қаза тауып, 3 содыр залалсыздандырылды.

Пәкістандық әскерлер содырлардың қай ұйымға тиесілі екені туралы ақпаратпен бөліспеді.

Соңғы айларда Пәкістанда, әсіресе Хайбер-Пахтунхва мен Белуджистан қалаларында лаңкестік шабуылдар көбейді.

Исламабад бұл шабуылдарды Ауғанстанда орналасқан Пәкістан Талибаны жоспарлаған және басқарған деп мәлімдейді. Ауғанстан бұл айыптауларды жоққа шығаруда.

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітке 30 қаңтар күні түскі намаз кезінде жанкешті шабуыл жасалып, көбі полиция қызметкері, барлығы 102 адам қаза тапты.

Белуджистанда 6 наурыз күні жасалған жанкешті шабуылда он полиция қызметкері мерт болған еді.



Ұқсас жаңалықтар