Си Цзиньпин мен Владимир Путин кездесті

Си Цзиньпин Путинмен кездесуінде елінің Украина мәселесін шешуде сындарлы рөл атқара беретінін айтты.

1962910
Си Цзиньпин мен Владимир Путин кездесті

Қытай мемлекеті басшысы  Си Цзиньпин Ресейге сапары барысында әріптесі Владимир Путинмен кездесуінде елінің Украина мәселесін шешуде сындарлы рөл атқара беретінін айтты.

Қытай тарапының сапарға байланысты жасаған мәлімдемесінде кеше, яғни сапардың бірінші күнінде өткен бетпе-бет кездесуде Си мен Путиннің «Қытай-Ресей қарым-қатынастары мен ортақ мүдделерге қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты» делінген.

Кездесуде Украина мәселесінің де талқыланғаны айтылған мәлімдемеде Си Цзиньпиннің «Украина мәселесінде бейбітшілік пен парасаттылық дауыстары артып келеді. Көпшілігі шиеленістің азаюы мен бейбіт келіссөздерді қолдауда және  отқа бензин құюға қарсы» дегені білдірілді.

Мәлімдемеде «Қытай қиыншылықтар неғұрлым көп болса, соғұрлым бейбітшілік үшін кеңістікті қамтамасыз ету қажет деп санайды. Мәселе неғұрлым созылмалы болса, диалог талпыныстарынан бас тартпау соншалықты маңызды» делінді.

Си Қытайдың мәселені саяси жолмен шешуге көмектесуде сындарлы рөл атқара беретінін атап өтті.

Қытай мен Ресей басшылары кеше 4,5 сағаттық кездесуден кейін бүгін қайта кездесіп, келіссөздерін жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар