Жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Эквадор президенті Гильермо Лассо қираған қалаларды аралады.

1961933
Жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Оңтүстік Америка елі Эквадорда 18 наурыз күні болған 6,7 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Эквадор президенттік сайтының хабарлауынша, Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым жерде болған жер сілкінісі туралы мәлімдемеге қарағанда жараланғандар саны 446-ға жетті.

Елдегі жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен қалалар - Эль Оро мен Азуай. Іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жер сілкінісінен кем дегенде 360 ғимарат қираған.

Эквадор президенті Гильермо Лассо қираған қалаларды аралады. «Үкімет ретінде  жұмыстарды тез бастау үшін барлық қажетті қаржы ресурстарын дереу бөлдік. Зиянды есептеу жұмыстары да басталды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар