Йеменде қызылша мен полиомиелит ауруы кең тарап жатыр

12 уәлаятта полиомиелитке қарсы екпе науқаны басталды.

1961940
Йеменде қызылша мен полиомиелит ауруы кең тарап жатыр

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Йеменде қызылша мен полиомиелит ауруы таралып жатқанын ескертті.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Twitter аккаунтында жасалған мәлімдемеде «Йеменде қызылша мен полиомиелит ауруы кең тарады» деген сөздер қолданылды. Қызылшаға шалдыққан балалардың 80 пайыздан астамының егілмегені атап көрсетіліп, Йеменде вакцинацияның маңызды қажеттілік екені баса айтылды.

Йемен үкіметі жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, 12 уәлаятта полиомиелитке қарсы екпе науқанын бастады.

2021 жылдан бері Иран қолдауындағы хуситтер бақылайтын аймақтарда полиомиелиттің 227 жағдайы тіркелгеннен кейін үкімет шара қабылдады.

Елдегі полиомиелит ауруы негізінен Сана, Земар, Худейде, Сада, Ибб, Хадж, Әл-Бейда және Амранда шоғырланған.

Йемен Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың наурыз айында жасаған мәлімдемесінде елдегі полиомиелит ауруы 2005 жылы аяқталғанын, бірақ хуситтер медициналық топтардың аймақтарға жетуіне кедергі келтіргендіктен Хадж және Сада қалаларында ауру көбейгенін хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар