Қаратеңізде шиеленіс ушығуда

Сейсенбі күні Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) ұшқышсыз әуе аппараты атып түсірілді.

1960559
Қаратеңізде шиеленіс ушығуда

АҚШ Еуропа күштері қолбасшылығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде екі орыс «Су-27» ұшағының Қаратеңізде АҚШ-тың «MQ-9» ұшқышсыз әуе аппаратына қысым жасағаны алға тартылды. «Ұшақтардың бірінің соқтығысқан ұшқашсыз әуе аппараты халықаралық су айдынына құлады» делінді.

Мәлімдемеде орыс ұшақтарының бақылау және барлау мақсатында ұшқышсыз әуе аппаратына «кәсіби емес түрде кедергі жасағаны» айтылған.

Ресей болса АҚШ-тың ұшқышсыз әуе аппаратымен ешқандай байланысының болмағаны туралы мәлімдеме жасады. Ресейдің мәлімдемесінде  «АҚШ-тың ұшқышсыз әуе аппараты кенеттен жасалған маневрлердің нәтижесінде өзін тежей теңізге құлады» деген сөздер қолданды.

Ұшқышсыз ұшақ әуе аппараты дағдарысына байланысты АҚШ Ресейдің АҚШ-тағы өкілетті және  елшісі Анатолий Антоновты Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

АҚШ пен Ресей қорғаныс министрлері де телефон арқылы болған оқиғаны қолға алды.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу әріптесі Ллойд Остинге бұл оқиғаға Вашингтонның Ресейге қарсы барлау қызметінің күшеюі себеп болғанын айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та АҚШ-тың Ресейдің Қаратеңізде ұшуға тыйым салынған аймақтар туралы мәлімдемесін елемегенін мәлімдеді.

АҚШ Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Марк Миллей ресейлік ұшқыштың АҚШ-тың ұшқышсыз әуе аппаратына қарсы шабуыл жасағаны суреттерде анық көрініп тұрғанын, бірақ оның ұшқышсыз әуе аппаратына  әдейі соққанына сенімді емес екенін айтты.

Ұшақ сынықтарының шығарылмайтынына баға берілетінін айтқан Миллей АҚШ-тың аймақта кемесінің болмағанын,  бірақ аймақта одақтастарының бар екенін айтты.

Миллей Ресей Бас штабы басқармасы төрағасы  Валерий Герасимовпен де телефон арқылы сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар