Германия Украинаға әскери көмегін жалғастырады

Шольц «Ресей жаңа әскерлер жинап, майданға жіберуде. Бұл шарттарда келіссөздерді тілге тииек ету мүмкін емес» деді.

1959494
Германия Украинаға әскери көмегін жалғастырады

Германия премьер-министрі Олаф Шольц Ресеймен жоспарланған бейбіт келіссөздерге күмәнмен қарайтынын айтып, елінің Украинаға әскери қолдауын жалғастыратынын айтты.

Шольц астана Берлинде Бутан премьер-министрі Лотай Тшерингпен ортақ баспасөз мәслихатында Ресейдің 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға қарсы бастаған соғысының жалғасып жатқанына назар аударды.

Шольц «Ресей жаңа әскерлер жинап, майданға жіберуде. Бұл шарттарда келіссөздерді тілге тииек ету мүмкін емес» деді.

Шольц «Біз Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Қазір істеп жатқан жұмыстарымыз жағдайды өзгертуге және Украина үшін әділ бейбітшілік орнатуға бағытталған» деген сөздер қолданды.

Шольц Украинаның бейбітшілікке дайын екенін, мұндай жағдайда бейбітшіліктің  мүмкін емес екенін түсіндірді.

Шольц «Біреу басыңа мылтық тақаса, келіссөз жүргізе алмайсың. Бірақ Ресей президенті әлі де мұны істеуге ниетті жоқ» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар