Ресей Женева кездесуі туралы мәлімдеді

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемеші Мария Захарова астық келісіміне тоқталды.

1957627
Ресей Женева кездесуі туралы мәлімдеді

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова 13 наурыз күні Швейцарияның Женева қаласында Ресей делегациясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өкілдері арасындағы астық келісімі бойынша кездесу өтетінін мәлімдеді.

Захарова бас қала Мәскеуде өткізген апталық баспасөз мәслихатында Түркия, Украина, Ресей және БҰҰ арасында 22 шілде күні Стамбулда қол қойылған астық тасымалдау келісімінің ұзарту тақырыбына тоқталды.

Захарова «13 наурыз күні Женевада Ресей делегациясы мен БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі өкілдерінің қатысуымен кеңес жиналысы жоспарлануда. Кездесуде астық келісімі талқыланады» деді.

Захарова ресейлік ауылшаруашылық өнімдері мен тыңайтқыштарын тасымалдаудағы кедергілер жойылмайынша, келісімнің ұзартылуы екіталай екенін алға тартты.

Өткен жылы Солтүстік ағын 1-ші және 2-ші табиғи газ құбырларында болған жарылыстарға сілтеме жасаған Захарова Германия, Швеция және Даниядан Ресейдің қатысуымен тәуелсіз және жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткендерін білдірді.

Захарова жарылыстарға қатысты ашық тергеу жүргізілу керектігін «Бұл талаптар ескерілмеді. Батыс бұл мәселеде Ресей Федерациясымен кез-келген байланыстан бас тартуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар