Малавиде тырысқақ індеті

Тырысқақ індеті 43 елде бір миллиард адамға қауіп төндіріп отыр.

1957874
Малавиде тырысқақ індеті

Оңтүстік Африкадағы Малави соңғы 20 жылдың ең ірі тырысқақ індетімен бетпе-бет.  

БҰҰ-ның хабарламасына қарағанда, Фредди дауылы Малавидің оңтүстік жағында қатты жауынға себеп болатын болса,  тырысқақ індетін бастатуы мүмкін.

ЮНИСЕФ-тің Малави өкілі Рудольф Швенк Малавидің тарихындағы ең ірі тырысқақ індетімен бетпе-бет екенін айтты.

Швенк елдің тырысқақ індеті және ковид індетімен үлкен күрес жүргізіп жатқанын айтты.  «Деректерге сүйенсек, тырысқақ оқиғаларындағы жаһандық көрсеткіш 43 елде бір миллиард адамға қауіп төндіріп отыр» деді ол.

Малави Денсаулық сақтау министрі Кумбизе Чипонда тырысқақ індетімен күрестің өте маңызды екенін білдіріп, «Тырысқақ – құрлыққа әсер ететін бір проблема.  Тырысқақ індетімен күресу үшін Африка елдері ынтымақтасып, үйлесімді жұмыс істеуі керек. Тырысқ және басқа да жаңа індеттермен күресті бірге еңсеруге болады» деді.

 

 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, Малавиде 2022 жылдың наурыз айынан бері 1616 өлім және 51 мың 855 тырысқақ дерегі тіркелген.

Бурунди, Камерун, Демократиялық Конго Республикасы, Эифопия, Мозамбик, Нигерия, Кения және Сомали секілді елдерде тырысқақ деректерінің артқанына назар аударған ұйым Малавиде соңғы 20 жылдың ең ірі тырысқақ індетімен бетпе-бет екендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар