Грузияда наразылық үшінші күні де жалғасты

Шерушілер аталмыш заңның парламенттен дереу кері алынуын талап етті.

1957606
Грузияда наразылық үшінші күні де жалғасты

Грузия парламентінде «шетелдік тыңшы» заң жобасына наразылық көрсеткен оппозиция қайтадан акция өткізді.

Бас қала Тбилисиде түнде парламент ғимараты алдына жиналған шерушілер аталмыш заңның парламенттен дереу кері алынуын талап етті.

Грузия үкіметінің заң жобасын кері алатынын ресми түрде жариялағанына қарамастан көптеген азамат шамамен үш сағат бойы акция өткізді. Наразылық танытушылар акцияда Грузия, Украина және ЕО туларын қолданды.

Бұдан бұрын биліктегі «Грузиян арманы» партиясынан шыққан бір топ депутаттан тұратын оппозициядағы «Халықтың күші» партиясы ұсынған заң жобасының бүгін ресми түрде кері алынуы жоспарланды.

«Шетелдік ықпалдың ашықтығы» деп аталған заң жобасы қаржысының 20 пайызынан көбін шетелден алған үкіметтік емес ұйымдардың шетелдік тыңшы деп тіркелуін немесе ақшалай айыппұл алуын көздейтін еді.

Оппозиция мен президент Саломе Зурабишвили заң жобасының Ресейдің нұсқауымен дайындалағанын алға тартқан еді.



Ұқсас жаңалықтар