Зеленский Киевте Гутеррешпен кездесті

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтындарын баса айтты.

1956913
Зеленский Киевте Гутеррешпен кездесті

Украина президенті Владимир Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесті. Кездесуде Қаратеңіз астығы бастамасын 18 наурыздан кейін жалғастыруға келісті.

Зеленский ел астанасы Киевте Гутеррешпен кездесті. Одан кейін бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

Ресейдің Украинада бақылауындағы Запорожье атом электр станциясын бопсалағанын айтқан Зеленский «Запорожье атом электр станциясы Украинаның толық бақылауына оралуы керек. Бұл тек Украина емес, жаһандық қауіпсіздік мәселесі» деді.

Зеленский Гутеррешпен Қаратеңіз астық бастамасын 18 наурыздан кейін жалғастыру мәселесін талқылағанын және «Бүгін Қаратеңіз астық бастамасын 18 наурыздан кейін жалғастыру бүкіл әлем үшін маңызды қажеттілік деп келістік» деген сөздер қолданды.

Гутерреш Ресейді Украинаға шабуыл жасады деп айыптап, БҰҰ ретінде Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтындарын баса айтты.

Гутерреш Запорожье атом электр стансасының қауіпсіздігі мен қорғалуының өмірлік маңызы бар екенін білдіріп, аймақтың толығымен қарусыздандырылуы керектігін атап өтті.

Өткен жылы Стамбулда қол қойылған Қаратеңіз астық бастамасының арқасында Украина порттарынан 23 миллион тоннадан астам астық экспортталғанын түсіндірген Гутерреш «(Қаратеңіз астық бастамасы) әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуіне ықпал етті және адамдарға көмектесті» деп көрсетті.

Гутерреш аталмыш бастаманы 18 наурыздан кейін ұзарту керек екенін баяндады.



Ұқсас жаңалықтар