НАТО әскери жаттығу өткізеді

Жаттығуда кеңесу және шешім қабылдау процестері сынақтан өтеді.

1957397
НАТО әскери жаттығу өткізеді

НАТО-да кеңесу және шешім қабылдау процестерін сынау үшін «дағдарысты басқару жаттығулары» өткізіледі.

«НАТО-ның дағдарысты басқару жаттығулары 2023» альянс аясындағы стратегиялық, саяси және әскери деңгейдегі консультациялар мен шешім қабылдау процестерін сынау үшін 15 наурызға дейін жалғасады.

НАТО мәлімдемесіне қарағанда, 1992 жылдан бері 23-ші рет өткізілетін оқу-жаттығуға мүше елдермен бірге Швеция мен Финляндия да қатысады. Оқу-жаттығуға НАТО штаб-пәтеріндегі, стратегиялық қолбасшылықтар мен астаналарындағы азаматтық және әскери қызметкерлер қатысады.

Ешқандай әскери жөнелтілім жасалмайтын жаттығу гибридті ортада дайындалған күрделі әскери және азаматтық сценарийге жан-жақты жауап беруді қамтиды.

Бұған дейінгі жаттығуға Финляндия мен Швеция қатысқан болатын. Бірақ биыл осы екі ел «одаққа қосылуға шақырылған елдер» атты жаңа мәртебесімен алғаш рет қатысады.

Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында Еуропалық Одақтың кейбір институттарымен кадр алмасу жүргізілетіні айтылды.



Ұқсас жаңалықтар