БҰҰ-да әйел құқықтары талқыланды

Сима Бахус әйел құқықтары саласында бетбұрыс керек екенін білдірді.

1956546
БҰҰ-да әйел құқықтары талқыланды

БҰҰ Әйелдер құрылымының директоры Сима Бахус әйел құқықтары саласында бетбұрыс керек екенін білдірді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде «Әйел, Бейбітшілік және Қауіпсіздік» атты отырыста сөз сөйлеген Бахус 20 жыл бұрын қабылданған нөмірі 1325-ші резолюция арқылы гендерлік теңдік саласында тарихи қадам басылғанын,  алайда әйел құқықтары саласында әлі де көп олқылықтар бар екенін айтты. Ол «Негізінде осы резолюцияның 20 жылдығы құттықтау емес, оянуға шақыру ретінде қаралуы керек» деді.

«Әйелдердің мәртебесінің» қоршау астында екенін меңзеген Бахус әлеуметтік желі секілді технологиялық жетістіктермен бірге ортаға шыққан мәселелердің әйелдерге қатты әсер еткеніне назар аударды.

Ол Украинада соғысқа бір жол толған уақытта жерінен ауған 8 миллион украиналықтың 90 пайызының әйелдер мен балалардан тұратынын еске салып, «Украинада жалғыз шешім – әйелдерде орын алатын бейбітшілік» деді.

Бахус «Әйел құқықтары саласында бетбұрыс керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар