Франция кедейлерге көмектесу жолын қарастыруда

Францияның Экономика министрі Бруно Ле Мэр кірісі төмен отбасыларға азық-түлік жәрдемі берілетінін айтты.

1955633
Франция кедейлерге көмектесу жолын қарастыруда

Францияның Экономика министрі Бруно Ле Мэр кірісі төмен отбасыларға азық-түлік қолдауы берілетінін мәлімдеді.

Бруно Ле Мэр ел астанасы Парижде азық-түлікпен қамдайтын компаниялардың басшыларымен кездесті.

Инфляциямен күрес жүргізу және бағаның жылдам өсуін тосу үшін маусым айына дейін базарлардағы азық-түлік бағасын тұрақтандыратындарын айтқан Ле Мэр табысы төмен отбасыларға да азық-түлік чектерін беретіндерін білдірді.

Ле Мэр осы жәрдемнің қазынаға түсетін шығыны жүздеген миллион еуроны құрайтынына назар аударды.

Азық-түлікпен қамдаушылармен жылдық бағаны тұрақты ұстау сияқты формула бойынша жұмыс істеп жатқандарын атап өткен Ле Мэр бағаның мүмкіндігінше төмен деңгейге түсірілетінін және қамдаушылардың  бағаны бір-бірінен тәуелсіз белгілей алатынын білдірді.

Францияда ақпан айында азық-түлік өнімдерінің инфляция көрсеткіші жылдық негізде 14.5 пайызға жетті.



Ұқсас жаңалықтар