АҚШ-тағы концертте болған дүрбелеңде 1 адам қаза тапты

АҚШ-тың танымал «GloRilla - Finesse2tymes» атты музыкалық тобының концертінде дүрбелең болып 9 адам жарақат алды.

1956138
АҚШ-тағы концертте болған дүрбелеңде 1 адам қаза тапты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен концертте төбелес болып, бір адам қаза тапты.

Рочестер полиция департаментінің бастығы Дэвид Смит жасаған мәлімдемеде «Қару атылған соң көпшілік арасында дүрбелең тудырды деген мәліметтер бар» деді.

Полицияның оқ атылғанына байланысты уәждерді растайтын ешқандай дәлел таппағанын атап көрсеткен Смит «Бізде атыс болғанына, оқиға орнында біреуге оқ тигеніне немесе пышақпен жасалғанына қатысты ешқандай дәлел жоқ» деді.

Концерт болған ғимарат ішінде ауыр жарақат алған 3 әйелдің анықталғанын айтқан Смит бұл әйелдердің бірінің ауруханада көз жұмғанын атап көрсетті.

Смит қалған екі әйелдің жағдайы ауыр күйде екенін және 7 адамның жеңіл жарақаттармен ауруханаға жатқызылғанын білдірді.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

2021 жылдың 6 қараша күні Хьюстонда (Техас штаты) өткен «Astroworld» музыка фестивалінің ашылу кешінде Травис Скоттың концертінде төбелес болып, 10 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар