АҚШ Дамаскіде қырғын жасағандарға санкция салады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен "Қырғында Асад режимінің әскери барлау офицері Эмджед Юсуф кемінде 41 қарусыз бейбіт тұрғынды өлтірді" деді.

1955958
АҚШ Дамаскіде қырғын жасағандарға санкция салады

АҚШ 2013  жылы Сирияның астанасы Дамаскіде қолдары байланған 41 бейбіт тұрғынды бір-бірлеп атып, шұңқырға лақтырып жіберген Башар Асад режимінің әскери барлау офицері Эмджад Юсуфқа қарсы санкция салуға шешім қабылдады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдемесінде Сириядағы азаматтық соғыстың 12-ші жылға аяқ басқанын және осы кезеңде көптеген соғыс қылмыстары мен адам баласына қарсы қылмыстардың жасалғанын еске салып, былай деді: «Осы зұлымдықтардың бірі 2013 жылы 16 сәуірде Дамасктің Тадамон ауданында болды.  Қырғында Асад режимінің әскери барлау офицері Эмджед Юсуф кемінде 41 қарусыз бейбіт тұрғынды өлтірді. Бұл кісі өлтірулердің бейне дәлелі тәуелсіз зерттеушілер  тарапынан ұзақ уақыт бойы жүргізілген жан-қақты зерттеулерден кейін 2022 жылы рет жұртшылықпен бөлісілді. Бүгін осы қатыгездікті тергеу үшін әрекет етудеміз».

АҚШ Мемлекеттік хатшысы  Сирияның әскери барлау ұйымының жоғарғы лауазым офицері Эмед Юсуф,  әйелі Аннан Вафус және олардың жақын туыстарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салғанын мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар