Ұлыбританиядағы азық-түлік кедейлігінен зардап шеккен балалар саны өсті
Ұлыбританияда азық-түлік кедейлігінен зардап шеккен балалар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті.
«The Guardian» газеті «Food Foundation» сараптама орталығының сауалнамасына сілтеме жасай отырып, Ұлыбританияда азық-түлік кедейлігінен зардап шеккен балалар санының қаңтар айында бұрынғы жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өскенін жазды.
Қорытындыға қарағанда, сауалнамаға қатысқан үй шаруашылықтарының 22 пайызы өткен айда бір тамақ мезгілін өткізіп жібергенін немесе күні бойы тамақ ішпеді. 2022 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш небәрі 12 пайызды құрады.
Деректер азық-түлік тапшылығынан зардап шегетін британдық балалардың жалпы санының қазір шамамен 4 миллионға жеткенін көрсетеді.
Бұл алаңдатарлық тенденция елдегі энергия бағасының өсуіне байланысты азық-түлік инфляциясы рекордтық деңгейге жеткен кезде пайда болды.
Нарық зерттеушісі «Кантар» жариялаған соңғы мәліметтерге қарағанда азық-түлік инфляциясы қазіргі уақытта 17,1 пайызды құрайды. Сүт, жұмыртқа және маргарин бағаның ең жылдам өсуін көрсетеді.
Тұрмыстық дағдарыс үкіметтің үй шаруашылығының энергия төлемдерін қолдауды қысқарту туралы жуырдағы шешімімен қиындады.
Қазір жұртшылық британ билігін бүкіл ел көлеміндегі мектептерде тегін тамақ таратуға шақырады.
Азық-түлік қорының жеке сауалнамасы қатысушылардың 80 пайызының британдық барлық балалары үшін мектепте тегін тамақтануды қолдайтынын көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Иранның Рей ауданындағы мұнай қоймасында өрт шықты
Бұл туралы Иранның Мұнай министрлігіне қарасты «Энергия» ақпарат агенттігі мәлімдеді.