Сомалиде Түркия үшін 4.8 миллион доллар жиналды

Сомали Ішкі істер министрі Ахмед Муаллим Фичи «Сомали-Түркия бір жүрек» науқанында 4.8 миллион доллар бағыш жиналғанын айтты.

1955103
Сомалиде Түркия үшін 4.8 миллион доллар жиналды

Сомалиде Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған көмек науқанында шамамен 4.8 миллион доллар жиналды.

Сомали Ішкі істер министрі Ахмед Муаллим Фичи ел астанасы Могадишода жасаған мәлімдемесінде 6 ақпанда Кахраманмарашты қамтыған жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Сомали үкіметі мен халқының қамқорлығымен ұйымдастырылған «Сомали-Түркия бір жүрек» науқанында шамамен 4.8 миллион доллар жиналғанын хабарлады.

Фичи науқанды 5 миллион доллар жинау мақсатымен бастағандарын және қайырымдылық бағыштарын қабылдауды жалғастыратындарын білдірді.

Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Сомали халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып: «Түркияда болған апаттан Сомали халқының біріккенде бәрін жасай алатынын түсіндік» деді. 

Елдегі көптеген іскер адам, қор және одақтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек науқанын бастады.



Ұқсас жаңалықтар