Украина мен Ресей бірін-бірі айыптады

Михаил Подоляк Ресейдің украиндық «қастандық тобының» шабуылдар жасағаны жайлы мәлімдемесін «классикалық арандатушылық» деді.

1954091
Украина мен Ресей бірін-бірі айыптады

Украина Президенттік кеңсесінің ақылшысы Михаил Подоляк Ресейдің украиндық «қастандық тобының» шабуылдар жасағаны жайлы мәлімдемесін «классикалық арандатушылық» деп сипаттады.

Подоляк әлеуметтік желі арқылы Ресейдің Брянск аймағындағы украиндық «қастандық тобына» қатысты мәлімдеме жасады.

Михаил Подоляк:

"Ресейдегі украиндық «қастандық топтары» пайымдауы классикалық арандатушылық. Толығымен ойдан құрастырылған. Ресей бір жылдық соғыста басқа елге жасалған шабуылды және кедейлесуді ақтау үшін өз халқын қорқытқысы келеді. Сонымен бірге Ресейде партизандық қозғалыс күшейіп келеді, әрі тіпті шабуылшы күйге келуде. Өз партизандарыңнан қорқыңдар» деп көрсетті.

Ресейде Брянск облысының әкімі Александр Богомаз Украинадағы «қастандық тобының» аймақтағы бір ауылға жасаған қарулы шабуылында 1 адамның қаза тапқанын, Ресей Қарулы күштерінің бұл топты жою үшін қажетті шараларды жасағанын хабарлаған болатын. 

Ресейлік ақпарат құралдарында жарияланған хабарда Любечане ауылындағы базарда 6 адамды кепілге алған «қастандық тобы» мен Росгвардия сарбаздары арасында қақтығыс болғаны білдірілді.

Ресей президенті Владимир Путин өз елінің Брянск облысында болған қарулы шабуылды «террорлық лаңкестік» деп атады.



Ұқсас жаңалықтар