Лавров пен Мирзоян Жаңа Делиде бас қосты

Лавров пен Мирзоянның Жаңа Делиде өткен 8-ші Раисина диалогы халықаралық конференциясы аясында кездескені білдірілді.

1954614
Лавров пен Мирзоян Жаңа Делиде бас қосты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Үндістанның астанасы Жаңа Делиде Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Лавров пен Мирзоянның Жаңа Делиде өткен 8-ші Раисина диалогы халықаралық конференциясы аясында екіжақты қарым-қатынастарды талқылағаны білдірілді.

Аймақтық мәселелер де талқыланған кездесуде «Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары арасында 2020, 2021 және 2022 жылдары қол қойылған келісімдерге сәйкес Әзербайжан-Армения қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған бастамаларды жандандырудың» маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында екі министр байланыстарды жалғастыру туралы келісті.



Ұқсас жаңалықтар