Грекиядағы пойыз апатында қаза тапқандар саны 57-ге жетті

Грекиядағы пойыз апатында із-түссіз жоғалған 56 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

1954401
Грекиядағы пойыз апатында қаза тапқандар саны 57-ге жетті

Грекияда сәрсенбі күні болған пойыз апатында қаза тапқандар саны 57-ге жетті.

Грекия Мемлекеттік телеарнасы «ERT»-нің хабарында Лариса қаласының солтүстігіндегі Темпи аймағында жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан кейбір вагондардың рельстен шығып кетуі және алдыңғы вагондардың өртенуі салдарынан 57 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Хабарда 6-уы ауыр, 48 адамның емделуінің жалғасып жатқаны, 56 адамның болса із-түзсіз жоғалып кеткені атап өтілді.

Апат кезінде тұтанған өртке байланысты іздеу-құтқару жұмыстарында және үйінді астынан шығарылған кейбір мәйіттерді тануда қиындықтар туындағаны, жоғалған жанұялардың ДНК сараптамасы үшін үлгілер бергені айтылды.

Грекияның Сыртқы істер министрі Никос Дендиас әлеуметтік желідегі аккаунтында қолдау білдірген баршаға алғысын айтты.

Дендиас «Халқымызбен ынтымақтастығын білдірген әлемнің әр жеріндегі адамдарға алғыс айтамыз. Грекияның дипломатиялық және консулдық органдарына жылы лебізін білдіргендердің барлығына ризамыз» деді.

Грекия президенті Катерина Сакеларопулу, премьер-министр Кирякос Мицотакис, Денсаулық сақтау министрі Танос Плеврис, оппозициялық Радикалды солшыл одақ (СИРИЗА) төрағасы Алексис Ципрас, Қорғаныс министрінің орынбасары Никос Хардалиас және Грекия Коммунистік партиясының төрағасы Димитрис Кучумбас оқиға аймағына барып, жағдай туралы ақпарат алды.

Грекия үкіметі ел тарихындағы ең қанды пойыз апатының артынан үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Екінші жағынан бас қала Афиныда пойыз апатына наразылық білдірген мыңдаған демонстрант «Hellenic Train» кеңселері алдына жиналып, парламент ғимараты орналасқан Синтагма алаңына шықты.

«Жайсыз оқиға емес, кісі өлтіру» деген жазуы бар плакат көтерген шерушілер кінәлілерді табуды талап етті.



Ұқсас жаңалықтар