Тайваньға қару сатады

Қару сатуға берілген рұқсат Тайваньды өз жері ретінде көретін Қытайды ашуландыруы мүмкін.

1953811
Тайваньға қару сатады

Америка Құрама Штаттары Қытаймен келіспеушілік ішіндегі Тайваньға F-16 әскери ұшақтарында қолданылатын 619 миллион долларлық зымыран сатуды мақұлдады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі  хабарлама жариялап, «AGM-88B HARM” типті 100 радарға қарсы зымыран мен «AMRAAM” типті 200 әуеден әуеге атылатын зымыранның Тайваньға сатылуына рұқсат берілгенін білдірді.

Бұл сауданың «Тайваньның әуе қорғаныс әлеуетін, аймақтық қауіпсіздігі мен АҚШ-пен бірігіп операция жасау қабілетін арттыратыны» атап көрсетілді.

АҚШ-тың F-16 әскери ұшақтарында қолданылатын аталмыш зымырандар мен жабдықтар «Raytheon» және «Lockheed Martin» компаниялары тарапынан өндіріледі.

Қару сатуға берілген рұқсат Тайваньды өз жері ретінде көретін Қытайды ашуландыруы мүмкін.  Қытай Сауда министрлігі бұдан бұрын қару саудасына байланысты аты аталған екі компанияға импорт және экспорт тыйымын келтірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар