Макрон жаңа Африка стратегиясын жариялады

Макрон Африкадағы Франция келбетін өзгертуді қалайтынын айтты.

1952606
Макрон жаңа Африка стратегиясын жариялады

Франция президенті Эммануэль Макрон елінің жаңа Африка стратегиясы аясында аймақтағы француз әскери базаларының санын азайтатындарын мәлімдеді.

Макрон 1-5 наурыз күндері аралығында Африканың 4 еліне ресми сапары алдында президенттік Елисей сарайында өткізген баспасөз мәслихатында елінің жаңа Африка стратегиясын жариялады.

«Францияның Африкадағы әскери базаларында өзгеріс жасап, әсіресе континентте жұмыс күшін қысқартатынын» атап өткен Макрон бұл өзгерістің Африкадағы елінің келбетін өзгертуін қалайтынын айтты.

Эммануэль Макрон сонымен қатар Африканың мәдени жәдігерлерін қайтару туралы заңның алдағы апталарда Мәдениет министрлігі тарапынан парламентке ұсынылатынын мәлімдеді.

Франция 2014 жылдың тамыз айынан бері Малиде орналасқан француздық «Бархане» операциясын Бамако әкімшілігінің Парижмен қарым-қатынасы нашарлаған соң маусым айында аяқтап, барлық әскерін осы елден шығаруға мәжбүр болған еді.

Буркина-Фасодағы әскери үкімет 23 қаңтарда Франциямен әскери ынтымақтастықты тоқтатқанын жариялағаннан кейін Париж билігі 19 ақпанда «Сабер» операциясы аясында 2009 жылдан бері осы елде орналасқан барлық сарбаздарын шығарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар