Қытай АҚШ-ты айыптады

Қытай АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің әскери барлау ұшағының Тайвань бұғазынан өтуін айыптады.

1952411
Қытай АҚШ-ты айыптады

Қытай Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштерінің әскери барлау ұшағының Тайвань бұғазы арқылы өтуін айыптап, бұл әрекетті «аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді» деп мәлімдеді.

Қытай Халық азаттық армиясының  Шығыс майданы қолбасшылығының мәлімдемесінде «P-8A Poseidon» типті сүңгуірлерге қарсы патрульдік ұшақтың Тайвань  бұғазында ұшып жүргені, әскери бөлімдердің ұшақты анықтап, соңынан ергені айтылды.

Мәлімдемеде Қытай армиясының дайындық үстінде екені баса айтылып, ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты табанды түрде қорғайтыны атап өтілді.

Тайвань аралы мен Тайвань бұғазын өзінің егемендігі ретінде көретін Қытай АҚШ-тың аймақтағы әскери болуына қарсы. АҚШ теңіз күштерінің аймақтағы барлау әрекеттері екі ел арасында шиеленіс туғызуда.



Ұқсас жаңалықтар