ДДСҰ-дан Йеменге жәрдем шақыруы

ДДСҰ-ның Йемендегі өкілі Эдхем Абдулмуним жедел жәрдем шақыруы жасады.

1952404
ДДСҰ-дан Йеменге жәрдем шақыруы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Йемендегі денсаулық инфрақұрылымын қолдау үшін 392 миллион долларлық жәрдем шақыруы жасады.

ДДСҰ-ның Йемендегі өкілі Эдхем Абдулмуним жасаған мәлімдемесінде «Йемен денсаулық сақтау жүйесінің күйреуіне жол бермеу үшін халықаралық донорлар мен басқа серіктес елдерден жедел және мықты қолдау қажет» деді.

Йемен денсаулық сақтау жүйесінің 12,9 миллион адамға ең басты қызметтерді қамтамасыз ету үшін 392 миллион долларлық жаңа бір қаржыландыруға мұқтаж екенін атап көрсеткен Абдулмуним ДДСҰ басшылығымен денсаулық сақтау үшін жасалған міндеттеме қорларының осы уақытқа дейін тек 3,5 пайызының ғана қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Аталмыш қолдау көрсетілмеген жағдайда Йеменде жедел денсаулық сақтау шараларын жалғастыра алмайтындарын атап көрсеткен Абдулмуним «Сондықтан біз донорларды Йемен халқына өмірді сақтайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша күш-жігерімізді жалғастыруға шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар