АҚШ Түркияға риза

АҚШ Өкілдер палатасында Түркияға деген ризашылық білдірілді

1952485
АҚШ Түркияға риза

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Өкілдер палатасында Асад режимінің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) көмектерінің жер сілкінісінен зардап шеккендерге жетуіне жол бермеу әрекеттерін айыптаған заң жобасы қабылданды.

АҚШ Конгресінің төменгі қанаты Өкілдер палатасында 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирия халқына көңіл айтып, АҚШ-тың Түркия мен Сирия халқына берген қолдауын жоғары бағалады. Сонымен қатар  Асад режимінің БҰҰ көмегінің елдің солтүстігіне жетуіне кедергі келтірген әрекеттерін айыптады.

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кейінгі жұмыстарға ерікті түрде үлес қосқандарды бағалаған заң жобасында халықаралық қоғамдастыққа жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмекке шақыру жасалды. Заң жобасында Түркияның ел ішінде және Сирияның солтүстік-батысындағы сириялықтарға қолдауының жалғасуына ризашылық білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар