Гутерреш адам құқықтары жөніндегі кеңесте үн қатты

Гутерреш: "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қайта жандануы және толық орындалуы қажет"

1952237
Гутерреш адам құқықтары жөніндегі кеңесте үн қатты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш жаңа сын-қатерлерге ұшырамау үшін Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қайта жандандыру және толық орындау керектігін мәлімдеді.

Антониу Гутерреш БҰҰ-ның Швейцариядағы Женева кеңсесінде басталған БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 52-ші сессиясының ашылу рәсімінде баяндама жасады.

Гутерреш Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жыл бұрын қабылданғанын және бұл декларацияның алғаш рет әрқашан және барша үшін қолданатын құқықты айқындағанын атап өтті.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы адамның өмір сүру, бостандық пен қауіпсіздік, заң алдындағы теңдік, сөз бостандығы, баспана іздеу, денсаулық сақтау, білім алу және т.б. құқықтарын реттегенін тілге тиек еткен Гутерреш «Өкінішке орай біздің бірлескен жобамыз болуға тиісті Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы тым теріс қолданылуда» деді.

«Кедейлік пен аштық соңғы ондаған жылдан бері алғаш рет өсуде. Әлем тұрғын санының жартысына жуығы, яғни 3,5 миллиард адам климаттың өзгеруіне байланысты жер бетіндегі ең ыстық аймақтарда өмір сүреді. Бұл кең аумақтар тез арада адам құқықтарының апатты аймақтарына айналуда» деген Гутерреш жаңа сын-қатерлерге ұшырамау үшін Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қайта жандандыру және толық орындау керектігін мәлімдеді.

Сөз бостандығына қатысты да келеңсіз жақтардың бар екеніне назар аударған Гутерреш бүкіл әлемде өлтірілген БАҚ қызметкерлері санының өткен жылы «қорқынышты түрде 50 пайызға өскеніне» назар аударды.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік болса адам құқығының «адамзаттың ортақ тілі» екенін айтты.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 52-сессиясы 4 сәуір күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар