Германияда АҚШ базасына наразылық

Шерушілер АҚШ-тың Рамштайн әуе базасын жабуды талап етуде.

1951900
Германияда АҚШ базасына наразылық

Германияның Рейнланд-Пфальтина штатында көшеге шыққан мыңдаған адам АҚШ-тың Рамштайн әуе базасын жабуды талап етті. 

Шамамен 2500 адамның қатысуымен өткен наразылық акциясында шерушілер базаның жабылуын талап етіп, «Американдық үйіңе қайт» деген ұран тастады.

Шерушілер сондай-ақ Ресей мен Украина арасында бір жылдан артық жалғасып жатқан соғысқа қатысты бейбіт келіссөздердің тезірек жүргізілуін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар