Ресей-Украина соғысына бір жыл толды

Көптеген ел Украинаны қолдау хабарлама жариялады.

1950889
Ресей-Украина соғысына бір жыл толды

Украина-Ресей соғысына бір жыл болды.

Соғыстың 1 жылдығында көптеген елден Украинаға қолдау хабарламалары келді.

Еуропалық Одақ (ЕО) ғимараттары украиндық түстерге боялды. Еуроодақ мекемелері орналасқан Бельгияның астанасы Брюссельдегі Шуман алаңында шамдар жағылып, соғыста қаза тапқан балаларға арнап ойыншықтар қойылды.

Еуропалық кеңес мәлімдемесінде Украинаға қолдаудың жалғасатынына баса назар аударылды.

Германияның астанасы Берлинде соғыстың бір жылдығына орай шырақтардан бейбітшілік эмблемасы қалыптастырылды.

Францияның астанасы Парижде Эйфель мұнарасы Украина туының түстерімен жарықтандырылды.

Англияның астанасы Лондондағы Трафальгар алаңында Украинаға қолдау көрсету шарасы өтті. Бір топ белсенді Ресей елшілігінің алдындағы жолды Украина туының түсіне бояды.

Украинаға тағы бір қолдау Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясынан келді. Бас ассамблеяда Ресейді Украинадан дереу шығуға шақыратын резолюция жобасы дауысқа салынды. Заң жобасы 141 «қабыл», 7 «қарсы», 32 «қалыс» қалған дауыспен мақұлданды. БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған резолюцияның міндеттейтін күші жоқ.

Украинаға әскери қолдау да жалғасуда. Америка Құрама Штаттары Украинаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша 2 миллиард доллар көмек көрсететінін жариялады.

Бейжің әкімшілігі болса «Қытайдың бейбітшілік жоспары» деп саналатын 12 тармақтан тұратын мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме барлық елдердің ұлттық егемендігін құрметтеуге, диалог пен атысты тоқтатуға шақырды. Алайда Ресейдің басып алынған аумақтардан шығуы немесе Украинаның НАТО мүшелігінен шығуы сияқты нақты ұсыныстар мәлімдемеде қамтылмаған. Мәлімдемеде Түркия және БҰҰ басшылығымен қамтамасыз етілген астық дәлізі келісімінің жалғасуы да сұралды.



Ұқсас жаңалықтар