"Қытай Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрі беруі мүмкін"

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайдың Ресейге Украина соғысы үшін қару-жарақ пен оқ-дәрі беруі мүмкін екенін алға тартты.

1948327
"Қытай Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрі беруі мүмкін"

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайдың Ресейге Украина соғысы үшін қару-жарақ пен оқ-дәрі беруі мүмкін екенін айтты.

"BBC"-дің хабарына қарағанда "CBS News" телеарнасына сұхбат берген Энтони Блинкен Қытай компаниялары қазірдің өзінде Ресейге «өлімсіз қолдау» көрсетіп жатқанын және жаңа ақпараттар Пекиннің «өлімшіл қолдау» көрсетуге бейім екені білдірілді. 

Блинкен егер Қытай Ресейге Украина соғысы үшін қару-жарақ пен оқ-дәрі берсе, оның Қытай үшін «ауыр зардаптары» болатынын ескертті.

Қытайда жеке компаниялар мен мемлекеттік компаниялар арасында нақты айырмашылық жоқ екенін мәлімдеген Блинкен:

«Қытайдың Ресейге қару-жарақ жеткізуі бізге және қарым-қатынасымызға үлкен қиындықтар туғызады» деді.

Блинкен сонымен қатар АҚШ Қытайдың Ресейдің батыстың санкцияларынан құтылуына көмектесіп жатқанына алаңдайтынын атап өтті.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Блинкен Қытайдың аға дипломаты, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Ван Имен кездескен болатын.

Кездесу барысында Блинкен «Украинаға қарсы аяусыз соғысы тақырыбында Қытайдың Ресейге  қаржылық қолдау немесе  жүйелі санкциялардан құтылуы үшін  көмек көрсетуінің туғызатын нәтижелері» туралы ескерткені де білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар