Ресей алдымен қол ұшын берген елдің бірі

Путин Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің  құтқару топтарына алғыс айтты.

1946880
Ресей алдымен қол ұшын берген елдің бірі

Ресей президенті Владимир Путин «ғасырдың апаты» деп сипатталған Түркия мен Сириядағы эпицентрі Кахраманмараштағы  жер сілкінісінен зардап шеккендерге ең ерте көмек көрсеткендердің арасында болғанын айтып, табысты жұмыстарына орай Ресей Төтенше жағдайлар министрлігіне алғыс айтты.

 Эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін Ресейдің Түркия мен Сирияда да маңызды жұмыстар атқарып жатқанын атап көрсеткен Путин  «Өткен аптада Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін алғашқылардың бірі болып Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері барды. Біздің құтқарушылар, құтқару иттеріне жауапты офицерлер, дәрігерлер мен психологтар 24 сағатқа жуық жұмыс істеді. Далалық госпитальдар тез арада іске қосылып, іздеу-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, көптеген адамдардың жанын құтқарды» деді.

Путин Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің  құтқару топтарына табысты  жұмыстары үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар