Қазақстанда жиналған қаражат AFAD есебіне аударылды

Әлемнің көптеген елі Түркияға қол ұшын берді.

1946054
Қазақстанда жиналған қаражат AFAD есебіне аударылды

Колумбия жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін Түркияға 20 маманнан тұратын бір  топ жіберді.

**

Қазақстанда ашылған көмек шотында осы уақытқа дейін жиналған 2 миллион 849 мың 836 доллар AFAD (Апат және Төтенше жағдайларды басқару басқармасы) ресми шотына аударылды.

**

Қырғызстан Түркияға үшінші іздеу-құтқару тобын жібереді. Ұшақта Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ацикеев бастаған топтан бөлек далалық аурухана, жедел жәрдем көлігі және 52 киіз үй бар.

**

Босния-Герцеговина мен Сербия жер сілкінісінен зардап шеккендерге ең қажетті материал болып табылатын жылытқыштар және генераторлармен толтырылған жүк көліктерін жіберді.

**

Черногорияда  жер сілкінісінен зардап шеккендерге жиналған көмектің 200 мың еуроға жақын екені айтылды.

**

Оңтүстік африкалықтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмылды. Түрік Әуе жолдары (THY) арқылы жер сілкінісі болған аймаққа көптеген шатыр, жылытқыш, ұйықтайтын қап, көрпе, генератор, денсаулық құралдары мен қыстық киім Түркияға тасымалдануда.



Ұқсас жаңалықтар