АҚШ көмек шараларын жалғастырады

Нед Прайс АҚШ-тың 200 адамнан тұратын Апаттық көмек тобының далада екенін білдірді.

1944889
АҚШ көмек шараларын жалғастырады

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс 6 ақпанда эпицентрі  Кахраманмараштағы жер сілкіністерінің соңғы ғасырдың ең жойқын жер сілкіністері  екенін айтты.

Күнделікті баспасөз мәслихатында Прайс «ғасырдың апаты» деп аталған жер сілкінісі кезінде қаза тапқандарға көңіл айтты.

АҚШ-тың Түркия мен Сирия халқына көмектесу үшін жұмыс істеп жатқанын атап көрсеткен Прайс қаза тапқандар арасында 3 АҚШ азаматының да бар екенін айтты.

Прайс «Бұл жер сілкінісі ғасырдағы ең ауыр жер сілкіністерінің бірі болды және біз зардап шеккендерге, тірі қалғандарға, құтқару топтарына, көмек көрсету топтарына, зардап шеккен отбасыларға, көршілер мен достарға көңіл айтамыз» деген сөзддер қолданды.

АҚШ-тың 200 адамнан тұратын Апаттық көмек тобының далада екенін білдірген Прайс топтың 77 тонна арнайы техникамен барғанын айтып, былай деді: «Сонымен қатар, біз бетон ұсатқыштар, генераторлар, медициналық құралдар, шатырлар, су және су тазарту жүйелерін жөнелтеміз. АҚШ тікұшақтары кіруі қиын аймақтарға құтқару қызметкерлерін тасымалдайды. Біз сондай-ақ аймақта қосымша көмекші жабдықты алдын ала орналастырып жатырмыз, бұл көмек көрсету жұмыстарына үлес қосады деп үміттенеміз » деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен телефон арқылы сөйлескенін білдірген Прайс «Түркияның көптеген елдерге гуманитарлық және құтқару мамандарын жібергені сияқты, біз Түркияға көмектесу үшін осы жаһандық талпыныстарға қосылғанымызды мақтан тұтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар