Зеленский батыс елдерінен тағы қару-жарақ сұрады

Зеленский «Батыс елдерінен көбірек қару беруді және Ресейге қарсы қосымша санкциялар салуды сұрадым» деді.

1944498
Зеленский батыс елдерінен тағы қару-жарақ сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский батыс елдерінен көбірек қару-жарақ көмегін талап етті.

Еуропаға сапары алдында Зеленский астана Киевте Францияда шығатын «Le Figaro» және Германияда шығатын  «Der Spiegel» газеттеріне сұхбат берді. Зеленский сұхбатында егер Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыста жеңіске жетсе, онда ол тоқтамай басқа елдерге де осылай  шабуылдар жасайтынын айтты.

Зеленский «Мен күн сайын батыс елдерінің басшыларымен Ресейдің шабуылдарын тоқтату үшін сөйлестім. Мен олардан бізге көбірек қару беруді және Ресейге қарсы қосымша санкциялар салуды сұрадым» деген  сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар