"Бронды көліктерді пайдалану мәселені шешпейді..."

Путин Ресейдің бар әлеуетін қолданатынын айтты.

1941506
"Бронды көліктерді пайдалану мәселені шешпейді..."

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путиннің «Батыс Украинаға қару-жарақ жеткізген сайын, Ресей өз әлеуетін барынша пайдаланады» деген сөзін түсіндірді.

Путиннің Сталинград шайқасындағы жеңістің 80 жылдығына арналған шарада Дмитрий Песков батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы үндеуін түсіндірді.

Баспасөз хатшысы Песков «Бұл (хабарлама) «Ресейдің әлеуеті бар және батыс бірігіп қару-жарақ жеткізген сайын Ресей арнайы әскери операция аясында тойтарыс беру мақсатында әлеуетін барынша қолданады» дегенді білдіреді» деді.

Волгоград қаласында Сталинград шайқасы жеңісінің 80 жылдығына орай өткен бағдарламада сөйлеген сөзінде Путин «Ресейге бұрын болғандай үстінде крест таңбасы бар неміс «Леопард» танктері тағы да қауіп төндіргенін» айтқан болатын.

«Еуропа елдерін, соның ішінде Германияны Ресеймен жаңа соғысқа итермелегендер, ұрыс даласында Ресейді жеңеміз деп күтетіндер Ресеймен заманауи соғыстың олар үшін мүлде басқаша болатынын түсінбесе керек. Бронды көліктерді пайдалану мәселені шешпейді... Мұны әркім түсінуі керек» деген болатын Путин.



Ұқсас жаңалықтар