Газ мөлшері артады

«Газпромның» жөнелтілімі 31 қаңтармен салыстырғанда 20 пайызға артады.

1940616
Газ мөлшері артады

Ресейдің «Газпром» компаниясы Украина арқылы Еуропаға тасымалдайтын табиғи газ көлемінің кешегімен салыстырғанда 20 пайыз артып, 29,4 миллион текше метрге жететінін хабарлады.

Ресей баспасөзіне жасаған мәлімдемесінде «Газпром» Украинаның Сохрановка тарату нүктесінен газ жеткізу өтінішін қабылдамағанын мәлімдеді.

Тасымалдаудың Суджа нүктесінен жалғасатыны хабарланған мәлімдемеде аталған жерден жеткізілім көлемінің бүгінде 29,4 миллион текше метр деңгейінде болатыны айтылды.

Кеше Украина арқылы Еуропаға 24,5 миллион текше метр табиғи газ жіберген «Газпромның» жөнелтілімі 31 қаңтармен салыстырғанда 20 пайызға артады.

2022 жылдың мамырында Украина орыс табиғи газының үштен бірі Еуропаға өтетін Сохрановка тарату пунктінде жөнелтуді тоқтатты.

«Газпромның» «Солтүстік ағын» құбырлары мен Ямал-Еуропа арқылы Батыс және Орталық Еуропаға табиғи газды жеткізілімі де  тоқтатылды.

Компанияның аталған аймақтарға газ тасымалы тек Украина арқылы жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар