Пәкістанда мешітке шабуыл

Қайтыс болғандар арасында полиция қызметкерлері бар.

1939653
Пәкістанда мешітке шабуыл

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында мешітке жасалған жанкешті шабуылдан 17 адам қайтыс болды. Олардың ішінде полиция қызметкерлері де бар.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаланың «Police Lines» ауданындағы мешітте бесін  намазы кезінде жанкешті шабуыл жасалған.

Бастапқы мәліметтерге қарағанда, шабуылдан 28 адам қаза тауып, 150-ден  астам адам жараланған.

Лауазым иелерінің айтуынша ондаған адамның жағдайы ауыр.

Жарылыс салдарынан айналадағы ғимараттар мен көліктерге, сондай-ақ мешітке үлкен зақым келген.

Шабуылдың  жауапкершілігін әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.

Пәкістандық тәліптер (TTP) соңғы уақытта шабуылдарын арттырды.

«TTP» 28 қарашада әлеуметтік желіде Исламабад әкімшілігімен 10 мамырда басталған атысты тоқтату келісімінің аяқталғанын және мүшелерге елдің түкпір-түкпіріндегі қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасауға бұйрық бергенін жариялады.

Пәкістан «Пәкістандық тәліптерді» террористік ұйым деп санайды.



Ұқсас жаңалықтар