"Вагнер" - қылмыстық топ" деп жариялады

АҚШ-тың Қаржы министрлігі мен Сыртқы істер министрліктері жаңа санкциялық шешімдерді жариялады.

1938508
"Вагнер" - қылмыстық топ" деп жариялады

АҚШ ресейлік «Вагнер» жалдамалы тобын халықаралық қылмыстық ұйым деп жариялады.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі мен Сыртқы істер министрліктері жаңа санкциялық шешімдерді жариялады.

Осы шешіммен халықаралық қылмыстық ұйым деп жарияланған «Вагнер» тобына қатысы бар тұлғалар мен ұйымдар санкция тізіміне енгізілді. «Вагнер» Ресейдің Украинадағы соғысына көмектесті деп айыпталған.

Қазына министрлігі бейбіт тұрғындарды нысанаға алуға жауапты немесе қатысы бар болғаны үшін «Вагнерге» қарсы қосымша санкциялар жариялады.

Тұрақты емес рейстер игеретін «Green Light Moscow» авиакомпаниясы болса «Вагнер» тобы майданға жауынгерлер тасымалдау үшін қолданғандықтан тізімге енгізілді.

«Вагнер» тобының әсіресе Африка құрлығында ықпалды болуын мақсат еткен ұйымдар да санкция тізіміне енді.

Қаржы министрі Джанет Йеллен санкциялар Ресейдің соғыс «машинасын» қолдау қабілетін азайтатынына сенетінін білдірді.  

 



Ұқсас жаңалықтар