Польша Украинаға 250 танк жолдады

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Украинаға 250 танк жібергендерін, алдағы күндерде 300-ге жеткізетіндерін мәлімдеді.

1938759
Польша Украинаға 250 танк жолдады

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки 24 ақпаннан бері Ресеймен соғысып жатқан Украинаға 250 танк жібергендерін мәлімдеді.

Моравецки француз "LCI" телеарнасына берген сұхбатында Украинаға өз бостандығын қорғауына көмектесу еуропалық құндылықтарды қорғау мағынасына келетінін айтты.

Украинаға соғыс ұшағын жеткізу мәселесі күн тәртіпке келген жағдайда өздерінің жақтап дауыс беретінін атап көрсеткен Моравецки:

«Бірақ бұл тек НАТО ғана жасайтын шешім болуы мүмкін» деді.

Моравецки батыстың Украинаға неғұрлым дамыған қару-жарақ беру арқылы қолдау көрсетуде батыл болуы керектігін баса көрсетті.

Елінің Украинаға қару-жарақпен қолдау көрсетуін жалғастырғанын атап өткен Польша премьер-министрі:

"Біз Украинаға осы уақытқа дейін 250 танк жібердік. Сондай-ақ алдағы апталарда ең озық 60 танкімізді жолдаймыз. Қосымша 14 "Леопард" танкін жеткіземіз. Осылайша бұл сан 300-ге жетеді" деді.



Ұқсас жаңалықтар