Украинаға әскери қолдау жалғасады

Германия премьер-министрі Олаф Шольц АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Италия көшбасшыларымен сөйлесті.

1937984
Украинаға әскери қолдау жалғасады

Германия премьер-министрі Олаф Шольц АҚШ президенті Джо Байден, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак және Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен телефон арқылы сөйлесті.

Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Штеффен Хебестрейттің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда лидерлер Украинадағы қауіпсіздік жағдайын және Украинаның Ресей агрессиясына қарсы күресін қолдауды талқылаған.

Хебестрейт сонымен қатар көшбасшылардың Еуроатлантикалық үйлестіруде Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастыруға келіскенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар