Украинаға 31 дана "M1 Abrams" танкі жеткізіледі

Бұл туралы Джо Байден айтты.

1938013
Украинаға 31 дана "M1 Abrams" танкі жеткізіледі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Украинаға 31 дана "M1 Abrams" танкі жеткізілетінін мәлімдеді.

Джо Байден Ақ Үйдегі баспасөз мәслихатында аталмыш танктерді «әлемдегі ең қабілетті танктер» деп бағалады, «Украинаның өз территориясын қорғау және стратегиялық мақсаттарына жету қабілетін арттырады» деп атап өтті.

Байден танктерге техникалық қызмет көрсету мен басқарудың өте күрделі екенін және осы тұрғыда олар украиндық сарбаздарды логистика, танктерге техникалық қызмет көрсету және пайдалануды мүмкіндігінше тезірек үйрететінін айтты.

Украин әскерлер «Абрамс» танктерін қолдануға әбден дайын болған кезде ғана танктердің жеткізілетінін мәлімдеді.

Бұл ретте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс Украинаға берілетін танктердің берілген басқа қарулар сияқты “ тек өз территориясын қорғау үшін ғана қолданылатынын» айтты.

АҚШ-тың осы шешімімен бір мезгілде Германия да Украинаға «Leopard 2» танктерін жеткізетінін хабарлады.

Сонымен бірге Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Германияның өз еліне танк беру туралы шешімдеріне баға берді.

«Бүгін - Украина үшін өте жақсы жаңалықтар күні. Қолымызда  танктердің коалициясы бар» деді ол.

Зеленский видео жолдауында соғысты қысқа мерзімде аяқтау үшін танктерден бөлек алыс қашықтық зымырандары, артиллериялық жүйелер мен жойғыш ұшақтар қажет екенін айтты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар