Қытайда ең суық күн

53 градус аяз болды.

1936896
Қытайда ең суық күн

Қытайдың Хэйлунцзян аймағындағы Мохэ қаласында ауа температурасы 53 градус аязға дейін төмендеп, соңғы 54 жылдағы ең суық күн болды.

BBC хабарына сәйкес, Мохэдегі ауа температурасы 22 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де 53 градус аязды көрсеткен.

Бұл Мохэде температура 52,3 градус аязды көрсеткен 1969 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш болды.

Қытайдың ең суық аймағы деп есептелетін, елдің солтүстік полюсі ретінде белгілі Мохэде қыс мезгілі жалпы 8 айға созылады.

Елдің қысқы туризм орталықтарының бірі Мохэ жыл бойы турист қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар