Брюссельде күн шықпады
Болжам бойынша қаңтар айының қалған күндерінде де ауа райы бұлтты болады.
1937259

Бельгияның астанасы Брюссельде биыл күн небәрі 28 сағат 4 минут қана шықты.
Метеорология қызметі таратқан мәліметке қарағанда, бұлтты және жаңбырлы ауа райымен танымал Брюссельде 2023 жылдың басынан бері күн 28 сағат 4 минут қана көрінді.
Болжам бойынша қаңтар айының қалған күндерінде де ауа райы бұлтты болады.
Мамандар ауа райының әсерінен туындаған психикалық мәселелерге қарсы түрлі кеңес беріп отыр. Олардың айтуынша спортпен шұғылдану, биологиялық ырғақты сақтау үшін таңертең ерте тұрып, жұмыстан тыс уақытта бір хоббимен айналысу керек.
Ұқсас жаңалықтар

Украина батыстан 120-140 танк алады
Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба батыстан шыққан 120-140 танк алатынын мәлімдеді.