"Ресей көктемде жаңа шабуыл жасауы мүмкін"

НАТО Әскери комитетінің басшысының айтуынша Ресей көктемде Украинаға жаңа шабуыл жасауы мүмкін.

1935583
"Ресей көктемде жаңа шабуыл жасауы мүмкін"

НАТО Әскери комитетінің басшысы адмирал Роб Бауэрдің айтуынша, Ресей көктемде Украинаға жаңа шабуыл жасауы мүмкін.

Түркияның атынан Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер қатынасқан НАТО Бас штаб басшылары жиналысы соңында НАТО-ның жоғары әскери лауазымды өкілі Роб Бауэр баспасөз мәслихатын өткізді.

Ресейдің жаңа шабуыл ұйымдастыру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып Бауэр Ресейдің стратегиялық мақсаттары өзгермегенін, сондықтан олардан жаңа шабуыл күтетінін айтты. «Бұл нақты емес, бірақ болжамдарға сүйенсек, олар өздерінің стратегиялық мақсаттарын өзгертпесе, көктемде жаңа шабуылды бастауы мүмкін» деді ол.

Бауэр «Украиналықтар бұған дайын болуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар