Ауғанстанда 78 адам қайтыс болды

Елде аяз салдарынан шығын артты.

1935758
Ауғанстанда 78 адам қайтыс болды

Ауғанстанда соңғы күндері суық ауа райының салдарынан 78 адам үсіп қайтыс болды.

Талибан уақытша үкіметінің Табиғи апаттар жөніндегі мемлекеттік министрлігінің баспасөз хатшысы Шафиулла Рахими баспасөзге мәлімдеме жасады.

Ел бойынша соңғы 9 күнде аяз салдарынан тоңып өлген адам санының 78-ге жеткенін атап көрсеткен Рахими шамамен 75 мың ірі қараның қырылғанын айтты.

Ауғанстан Метеорология институты болса биылғы қыста ауа райының өткен жылғыдан екі есе суық болғанын білдіріп, ең қатты суықтың минус 34 градуспен Гор провинциясында тіркелгенін атап көрсетті.

Талибанның баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид өз мәлімдемесінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, билікке қажетті шараларды қабылдау тапсырылғанын білдірді.


Этикеттер: #аяз , #суық , #Ауғанстан

Ұқсас жаңалықтар